Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Жалынды жастар тәуелсіз Қазақстанның болашағы» атты қалалық мектептер арасында  өтетін «Ой-көкпар-2019» пікірталас сайысының I кезеңі

2019 жылдың 15 наурызында қалалық білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, Өскемен қаласы әкімдігінің "№7 орта мектебі" КММ базасында жоғары сынып оқушылары арасында пікір-сайыс ойыны өткізілді.

Зияткерлік пікірталас ойыны Карл Поппер форматында өтті. Спикерлер "Бұл палата Қазақстандағы фастфуд бағасы өндіруші елдердің баға саясатына сәйкес келмейді деп санайды" және "Бұл палата қазіргі жастар номофобияның ықпалына ұшырайды деп санайды" деген тақырыптарға пікірлерін білдірді. Оқушылар Қазақстан экономикасының және әлеуметтік саласының дамуының өзекті мәселелері мен келешегін талқылады.

Пікірталасқа Өскемен қаласының №34 және №38, №8 және №18, №7 және №17 мектептерінің командалары қатысты. Жеңімпаз атанған - №38 мектеп командасы.  Екінші ауысымға №34, №38, №8, №7, №17 мектептерінің командалары өтті.