«Ерекше оқытуды қажет ететін балаларды психологиялық қолдау»
«№19 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ-нде ерекше оқытуды қажет ететін балаларды психологиялық қолдау бойынша практикалық тәжірибені байыту, әдістемелерді меңгеру мақсатында З.Ахметов атындағы № 16 орта мектептің педагог-психологі К.Т.Муратова, Ж.Е.Нұрбекова қала мектептерінің жас психологтарына арналған оқыту сабақтары кешенін ұсынды.
Оны жүргізу барысында қызметтің кейбір теориялық және іс-тәжірибелік бағыттары ашылды. Іс-шараны ұйымдастырушылар шағын топтарда педагог - психологтармен жұмыс жүргізді, онда танымдық үдерістердің даму деңгейін анықтауға арналған: «Жіктеу», «Оқиғалар тізбегі», «Қарапайым аналогтар» және т.б.түзету-дамыту әдістемелерін ұсынды.
Қатысушылармен бірлесе отырып сабақтардың қорытындысы бойынша, осы бағытта балалармен жүргізілетін жұмыстар бойынша ұсыныстар қабылданды. Іс-шараның қатысушыларына тақырыптың мазмұндылығы мен өзектілігі, оқушылармен жұмыс жасаудың түрлері мен әдістерінің әртүрлілігі атап өтілді. Психологтарға арналған тренингтер жиынтығы ұсынылды.
Қорытындылай келе осы бағытта балалармен одан әрі жұмыс істеу жөнінде ұсынымдар берілді, шараға қатысушылар осы іс-шараның тақырыбының қндылығын және өзектілігін, оқушылармен жұмыс істеуде әртүрлі формалары мен әдістерін қолданатындығы жайында атап өтті.




