Өскемен қаласында «Үздік жол қозғалысы қауіпсіздігінің қоғамдық инспекторы» байқауы өтті
Алғашқы рет әлеуметтік серіктестік аясында ШҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің басқармасы және Өскемен қаласының білім бөлімі «А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ базасында «Үздік жол қозғалысы қауіпсіздігінің қоғамдық инспекторы» қалалық байқауын ұйымдастырды, оған облыс орталығындағы мектебіміздің 35 мектеп оқытушылары қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша «Жол жүрісі ережесін білуі» номинациясында Н.Крупская атындағы мектеп-интернатының, З. Ахметов атындағы № 16 мектептің және № 23 мектептерінің қоғамдық инспекторлары жеңімпаз атанды.
«Жол-көлік оқиғасы кезіндегі алғашқы көмек көрсету» номинациясында О. Бөкей атындағы № 44 лицей, № 9 және 27 орта мектеп оқытушылары қажетті көмектерді көрсетуде үздік атанды.
«Қозғалыс жас инспекторларының мектеп отрядының жұмысы» номинациясында А. Байтұрсынов атындағы № 20, № 4, № 42 мектеп өкілдерінің жұмысы шығармашыл және нәтижелі болуы жағынан ерекшеленді.
Үш номинация қорытындысы бойынша «Үздік ЖҚҚ қоғамдық инспекторы» байқауының жеңімпаздары анықталды. Бірінші орынды № 38 мектеп-гимназиясының қоғамдық инспекторы Елена Щербинина иеленді. Екінші орынды М. Әуезов атындағы № 17 мектебінің оқытушысы Владимир Королев иеленсе, үшінші орынды № 45 мектебінің оқытушысы Сержан Унасов жеңіп алды.
Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Талғат Нұриев барлық номинация және байқау жеңімпаздарына дипломдар мен грамоталарды табыс етті, сондай-ақ білім қызметшілерінің қалалық кәсіподақ ұйымының атынан Александр Кузнецов бағалы сыйлықтармен марапаттады.


