«Наурыз-мейрамына» орай өткізілген іс-шаралар туралы есеп
2018 жылдың 18-20 наурыз күндері «Ручеек» №17 балабақша – бөбекжайы" КМҚК-да "Наурыз-думан" орта және жоғары топ балалары үшін патриоттық-музыкалық ойын-сауық және бірінші кіші және екінші кіші топтарда Наурыз мейрамына арналған тақырыптық сабақтар өткізілді.
Мақсаты: Наурыз мейрамы, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы балалардың түсініктерін кеңейту, бұл ұлттық мереке екенін көрсету. Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу.
Ойын-сауық атмосферасы мерекелік, мейірімді болды. Балалар арасында ұлттық ойындар өткізіліп, ұлттық салт-дәстүрлердің және «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісінің театрландырылған іс-әрекеттері орындалды, қазақ, орыс және ағылшын тілінде өлеңдер оқылды.