Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Жас құтқарушы» кубогына арналған құтқару көпсайысы бойынша мектепаралық қалалық жарыстардың 3-ші кезеңіне қатысу туралы

2019 жылы 19 наурызда ШҚО ТЖД спорт кешені базасында өрт-қолданбалы спорт бойынша «Жас құтқарушы» кубогына арналған құтқару көпсайысы бойынша мектепаралық қалалық жарыстардың 3-ші кезеңі өтті. Жарысқа №26,35,37 орта мектептер оқушылары  қатысты. Аталған жарыстың мақсаты бірінші кезекте құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, дене бітімінің дамуына, төтенше жағдайларда әрекет ете білуге, зардап шеккендерге көмек көрсетуге, серіктестік сезімін нығайтуға бағытталған.

Жарысты салтанатты түрде «Звонкие голоса» қалалық фестивалінің лауреаттары №10 мектеп-гимназиясының оқушылары Черепанова Эвита, Ким Яна әдемі әндерімен ашты .

Сайыс қорытындысы бойынша мектеп командалары арасында орындар келесідей бөлінді:

1 орын - № 26 мектеп командасы

2 орын - № 37 мектеп командасы

3 орын - № 35 мектеп командасы.