«Қош келдің – әз Наурыз!» апталығы
Наурыз айының 15-19 күндері аралығында Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 мектебінде «Қош келдің - әз Наурыз!» атты мерекелік апталық өткізілді. Наурыз мерекесін ұйымдастыруда мектепшілік «Жас Ұлан» ұйымының оқушылары мен ата-аналар белсенділік танытты. Сахна төріне Наурыз мейрамының басты кейіпкерлері Наурыз қыз әсем әнімен, төгілген биші қыздарымен шығып, көрермендер Қыдыр атаны қошаметпен қарсы алды. Бұл күні сахна төрінде отырған Қыдыр ата мен Наурыз қызға ата-аналар мен оқушылар қазақ халқының ежелден келе жасқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, әсем әндерін, мың бұралған билерін көрсетті. Келесі кезекте оқушылар арасында ұлттық ойындарымыз ойнатылды. Ұлттық ойындар кезінде оқушылар барынша белсенділік көрсетті. Соңында Қыдыр ата мен Наурыз қыз келген ата-аналар мен оқушыларға ақ батасын беріп, тыныштық пен береке тіледі.
Ұлыстың Ұлы күні достық пен татулық насихатталып, ақ тiлектер айтылды. Халқымыздың тарихымен сабақтас осы мерекенiң мән-мағынасы өте зор. Егеменді елімізде бір шаңырақ астында өмір сүретін халықтардың бiрлiгi мен татулығы нығайып, елiмiздiң көк байрағы биiктерден көрiне берсін!
Мектептегi Наурыз мейрамы осылайша көңiлдi мерекеге ұласып, оқушылар мен ата - аналардың көңiлiнен шықты.