Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

“Қош келдің, Наурыз” атты мерекелік іс-шара өтті

Өскемен қаласы әкімдігінің  “Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі” КММ-інде  “Қош келдің, Наурыз” атты мерекелік іс-шара өтті. Мектеп ұжымы мен №7 жергілікті өзін-өзі басқару комитетімен  бірлесіп ұйымдастырған мерекелік шарада қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлер көрсетіліп, оқушылар  өздерінің өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Оқушылар мен мөлтек аудан тұрғындары арасында ұлттық ойындардан жарыс және ұлттық тағамдардан жәрмеңке ұйымдастырылды. Шараға келген барлық қонақтар, оқушылар Наурыз көжеден дәм татып, шараның жоғары деңгейде өткендігіне куә болды.