Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

МДҰ педагогтарына арналған семинар - практикум

14 наурызда Өскемен қаласы әкімдігінің  №34"Дом радости" балабақша – бөбекжайы» КМҚК МДҰ педагогтарына арналған" ҚР МЖБС жүзеге асыру кезінде білім беру салаларының міндеттерін шешуде қажетті шарт ретінде, мектепке дейінгі балалардың ойын әрекетін қалыптастыру ерекшеліктері" атты

семинар – практикум өткізілді.

Семинарды балабақша директоры Олеся Ивановна Золотаева алғы сөзімен ашты. Семинарға қатысушыларды жұмыс жоспарымен таныстырды.

Музыкалық жетекші О. В. Рейнгардт және хореограф Я. А. Андреева семинарға қатысушыларға "Құттықтау ашық хат" атты шағын – концертін ұсынды.

Балабақша әдіскері О. А. Цыплякова семинар тақырыбына байланысты қатысушыларды, ойын дұрыс ұйымдастырғанда баланың физикалық, зияткерлік және жеке қасиеттерін дамыту, оқу іс-әрекетінің алғышарттарын қалыптастыру және мектепке дейінгі баланың әлеуметтік жетістігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасайтынын презентация көрсету арқылы таныстырып  өтті. ҚР МЖБС білім беру бағдарламасының барлық салаларында (саусақ, дидактикалық, сөздік, қозғалмалы, хороводтық, сюжеттік-рөлдік және театрландырылған ойындар қарастырылған) сабақтардың ойын түрлерін пайдалануды ұсынады.

Хабарланғаннан кейін барлық қатысушылар шағын топтарға бөлініп, әрқайсысы топтарда өткізілген сабаққа қатысуға барды.

Семинар нәтижесін рефлексивті бағалау кезеңінде іс-шараның өзектілігі, практикалық бағыты, өте жақсы ұйымдастырылуы атап өтілді.