Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Наурыз Мейрамы – 2019ж.»

«Өскемен қаласы  әкімдігінің №8 «Мирас» балабақша – бөбекжайында» КМҚК 19.03.2019. ж.ж  Наурыз мейрамы мерекесіне орай орта және ересек топтарда «Наурыз той» атты тақырыптық ойындар өтті.

Мақсаты: балаларға мерекелік жағдай туғызу, қазақ халқының салт – дәстүрін сыйлауға, жақындарына мейірімділік сыйлауға, балалардаң шығармашылығын дамытуға, ән айтуға, би билеуге және тақпақтарды мәнерлеп айтуға тәрбиелеу.

Мерекелік іс – шара дәстүрлі емес түрде өтті, администрация мен қазақтың ұлттық кеіпкерлері мереке болып жатқан бірнеше ауылдарды аралап шықты, (топтар), онда балалар 2 тілде тақпақтар оқыды, наурыз туралы ән айтты, қазақ халқының салттарын көрсетті «Беташар», «Тұсау кесу», қазақтың ұлттық ойындарын «Күйіз үй», «Қыз қуу»  балалар екі тілде де достық туралы мәтел айтты, би биледі. Балалар разы болды және көктем жылуын жинап алды. Әдіскерлік тұрғыдан барлығы дұрыс және талапқа сай ұйымдастырылған.

20.03.2019 жылы бірінші, екінші кіші топтарда тақырыптық әңгімелеу болды, онда балаларға қазақ халқының салт – дәстүрімен таныстырып, АҚТ қолданылған ойында болды.