«Наурыз – бейбітшілік пен келісім » атты мерекелік іс-шара өтті
19.03.2019 жылы №6 "Күншуақ" балабақша – бабекжайында фестиваль түрінде «Наурыз – бейбітшілік пен келісім» атты мерекелік іс-шара өтті. Әр топ ауылдарға бөлініп "Ат қою", "Бесікке салу", "Тұсау кесу" қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетті. Наурыз мейрамын атап өтіп,біз балаларды тек өз халқымыздың ғана емес, сонымен қатар біздің елді мекендейтін халықтардың салт-дәстүрлеріне қызығушылық танытамыз.
3 тілде өлеңдер,әндер,билер орындалды. Ата-аналар ұлттық тағамдарды дайындау және безендіруге белсене қатысты. Барлық ертеңгіліктер арқылы осы ұлы мерекенің маңыздылығы байқалады.Балалар өз халқына, дәстүрлеріне, тіліне деген сүйіспеншілікке ие болды. Дәл осындай іс-шаралар балалардың бойында патриоттық сезімдерді тәрбиелеуге ықпал етеді: Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілік, оның барлық байлығы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, және көбейтуге ықпал ету.





