Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

 «№ 27 орта мектеп» КММ «Наурыз Думан 2019» мерекесінің атап өтілді

Наурыз мерекесі жер бетіндегі ең көне мерекелердің бірі. 19 наурыз 2019 жылы Өскемен қаласы әкімдігінің « № 27 орта мектеп» КММ-де «Наурыз думан» атты өте әдемі, қызықты, танымды мереке өтті. Мерекеге мектеп оқушылары, ата-аналар қауымы, мөлтек аудан тұрғындары , № 10 ЖБК белсене қатысты. Мектеп ішінде көптеген мерекелік алаңдар ұйымдастырылды: «Көктем», «Шаттық», ақындар және әншілер ауылдары. Оқушылар мен ата-аналардың қолымен жасалған киіз үйлері бүкіл бір мектеп дәлізін алып, «Ақ отау» атты көрмеге айналды. «Наурыз Думан» атты театрланған қойылымы келген қонақтардың көңілінен шығып, оған қатысқан оқушы мен ұстаздарға қонақтар шексіз алғыстарын білдірді. Мөлтек аудан ардагерлер кеңесінің мүшелері Б.Таменов, К.Сагимбаева, А.Бажикенова  «Тұсау кесу» дәстүріне оқушылармен бірге белсене қатысып, ақ тілектерін білдірді.