Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Армысың, Наурыз» жаңару мен көктем мерекесі

№ 21 «Айналайын»  балабақша-бөбекжайы» КМҚК-ы шуақты да, көңілді  - «Наурыз» мерекесі өтті. Наурыз мерекесі көптеген салт - дәстүр мен әдет – ғұрыптармен байланысты. 

Наурыз – шуақ пен мейірімділіктің, табиғат пен жер бетіндегі барлық адамдардың бірлік мерекесі!

19.03.2019 ж.  балабақша қонақтарын таңнан бастап керемет сый күтіп тұрды. Балабақша алаңында барлық келушілерді балабақшаның ұжымы ұлттық қазақ киімдерімен күтіп,  мерекелік музыка әуенімен шығыстық дәмді және тәтті тағамдармен дәм татқызды.

Біздің балабақшадағы балалар әр ұлтты, біз бүгін осы шуақты мереке күні оларды бір отбасының балаларындай біріктіріп,  мерекеде әр ұлт-өкілдерінің салт - дәстүрі мен әдет – ғұрыптарымен таныстырдық.

Тәрбиеленушілерге Наурызға арналған іс-шаралар өткізілді. Қазақ халқының ертегілер кейіпкерлерімен балалар жаңару мен көктемнің мерекесі Наурызды қарсы алды.  Балалар өлең орындап, билеп, қазақ халқының ұлттық ойындарын қызығушылықпен ойнады. Мерекелік іс-шарадан кейін балаларды топтарында тәттілер күтіп тұрды.