Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Негізгі орта мектеп-интернаты» КММ –де мерекелік концерт өтті

20 наурыз күні мектеп-интернатта Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт өтті. Оған мектеп оқушылары, педагогтар және ата-аналар қатысты. Оқушылар әр халықтың ұлттық  билерін, әндерін дайындады. Ағайынды Абдуллиндер колледжінің, музыка колледжінің студенттері қонаққа  шақырылды. Олар қобызда, домбырада өз өнерлерін көрсетті. Мектеп-интернаттың директоры Джетыбаева Анар Торехановна  барлық қатысушыларды көктем мерекесімен   құттықтады.