Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Қорытынды аттестация мен емтиханға дайындық кезінде арт-терапияны колдану» тақырыбында психологтардың қауымдастығыныңотырысы өткізілді

Өскемен қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде «Қорытынды аттестация мен емтиханға дайындық кезінде арт-терапияны колдану» тақырыбында психологтардың қауымдастығының отырысы өтті. Қазақстанда қорытынды аттестация мен емтиханға дайындық қоғамдық отбасылық және білім салаларында маңызды мәселесі  болып табылады. Семинар барысында  мектеп бітіруші түлектерді қорытынды аттестациялауға дайындау кезінде арт-терапияны  қолдау маңыздылығы жайлы Өскемен қаласының №39 мектептің педагог-психологы Бородина М.В.өз тәжірибесімен бөлісті. Өскемен қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебінің педагог-психологы Серикбаева М.Н. «Педагог-психологтың негізгі қызметтік құжаттары» тақырыбында жас педагог-психологтардықұжаттардың үлгісіментаныстырды.

Психологтардың қауымдастығының отырысының соңында мектеп бітіруші түлектерді қорытынды аттестациялауға дайындау кезінде арт-терапия  әдісін қолдану маңыздылығы және өзектілігі жайлы қатысқан  педагог-психологтар өз ойларын білдірді.