Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 35 орта мектебінде» өткен Наурыз мерекесі

Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 35 орта мектеп» КММ-сі «Дүбірле, далам, дүбірле!» атты мерекелік іс-шара  өткізді. Мереке мақсаты: қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін насихаттау, Наурыз мейрамының мәнін түсіндіру болды.

Шараға  арналып  алты  қанатты киіз үй, алтыбақан құрылды.  Қымызхана, шұбатхана, көжехана  және қазақтың ұлттық тағамдары  орталығы жұмыс жасап, келген қонақтарды тағамның жасалу жолдарымен таныстырып, дәм таттырды.

Шара «Наурыз-думан» биімен ашылды. Келесі кезекте мектептің «Мұрагер» домбыра оркестрі өз өнерлерін көрсетті. Мерекенің қадірлі қонағы Қыдыр ата, қаламыздың құрметті ақсақалы, Нугуманов Мұхтар Сағидолдаұлы жиналған қауымға батасын берді.

Мектеп директоры Таймова Анна Мухамедановна  мереке шымылдығын ашып, құттықтау сөз сөйледі. Келген құрметті қонағымыз, қала әкімі Жақсылық Мұқашұлына сөз берді.  Қала әкімі барша қауымды мерекемен құттықтап, жаңа жылға жаңа табыстар тіледі.

Мереке барысында  қазақ халқының ұлттық қолөнерлері мен ұлттық ойындары: жүн түту, жіп иіру, ою ою, құрақ құрау, қамшы өру, шаш өру, құсбегілік, тоғызқұмалақ, асық ойнау, қол күресі, алтыбақан маңындағы айтыс т.с.с. шаралар көрермендер назарына ұсынылды.