Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қош келдің, әз Наурыз!

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы ең ежелгі мерекелердің бірі. Жыл басы Наурызды тойлау атадан қалыптасқан дәстүр бойынша жүзеге асады.
Өскемен қаласы әкімдігінің «№42 орта мектебі» КММ “Қош келдің, әз Наурыз”атты мерекелік шаралар 19 және 20 наурызда өтті.

Шағын орталықта наурыз айының 19 жұлдызында мерекеге арналған ертеңгіліктер ұйымдастырылды. Топ бүлдіршіндері тәрбиешілермен бірлесе отырып, Наурыз мерекесін тойлады. Іс-шара барысында ұлттық ойындар ойналып,   салт-дәстүрлерден көріністер және   тақырыпқа  сай  әсем әндер мен билер  орындалды. Осылайша кішкентай бүлдіршіндер келген қонақтарға мерекелiк көңiл-күй сыйлады.

Наурыз айының 20 жұлдызында Наурыз мейрамы ұлттық ойындар мен ұлттық тағамдар жәрмеңкесімен жалғасты. Мектеп оқушылары арқан тарту, гір көтеру, "Теңге алу", «Қол күрес», "Асық ату" сияқты ойындарында өздерінің ептіліктерімен және күштерімен бақ сынасты.

Мерекелік концертті мектеп оқушылары мен мұғалімдерінен тұратын ұлттық аспаптар оркестрі ашты. Концерт барысында көрермендер ұлттық салт-дәстүрлерді көріп, Қыдыр атаның ізгі тілектерін, әдемі әндер мен әсерлі билерді тамашалады. Сахна дастарханы бар импровизацияланған киіз үй түрінде безендірілді. Барлық қонақтар іс-шараның жоғары деңгейіне риза болды.