Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Наурыз» мерекесі

15 наурыздан 20 наурызға дейін Өскемен қаласы әкімдігінің «№100балабақша-бөбекжайы» КМҚК мекемесінде Наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктер өтті. Наурыз мерекесін балабақша ұжымы да ерекше ықыласпен тойлауды әдетке айналдырған. Наурыз тойы қызықты өтті. Мақсаты: балаларды  қазақтың салт-дәстүрі мен ұлттық ойындарымен  таныстыруды одан әрі жалғастыру, егеменді елдің отанжанды, белсенді азаматы болуға тәрбиелеу.

Барлық  балалар, тәрбиешілер  ұлттық костюмдер мен көтеріңкі көңіл-күйде болды.Балалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өлеңдер оқып, би билеп, әндер айтып, ұлттық ойындар ойнады: «Тақия тастамақ»,  «Ханталапай», «Арқан тарту». Ертеңгіліктерде ертегі кейіпкерлері: Қыдыр-ата, Мыстан-Кемпір, Наурызгүл қонаққа келді.

Ата-аналар ұлттық киімдерде , би билеп, әндер орындады.Ертеңгілікте ұлттық салт-дәстүрлер: «Бесікке бөлеу», «Тұсау кесу», «Шашу», «Атқа мінгізу» көрсетілді.

Мереке соңында бәрі дәмді бауырсақтан ауыз тиді.

Бұл мерекеге қатысушылар ғана емес, сондай-ақ осы тамаша көктем мерекесінің көрермендері жақсы көңіл-күй, көңілді және  жағымды эмоцияларға ие болды.