Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Наурыз-келді еліме»

2019 жылдың 20 наурызында №5 орта мектебінде рухани-адамгершілік тәрбиелеу және қазақ халқының мәдениетіне, дәстүріне құрметпен қарауды, сондай-ақ халыққа қызығушылықты арттыру мақсатында
«Наурыз-келді еліме» атты станцияларда ойын өткізілді.
Бұл іс-шараға №13, №19,№39 серіктес мектептердің де оқушылары қатысты. Сол сияқты мектебіміздің ата-аналары да қалыс қалған жоқ.

Мерекелік іс-шара салтанатты бөлімнен басталды, онда мектеп директоры барлық қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтады.

Мектеп кабинеттерінің барлығында «Ұлттық тағамдар», «Ұлттық киімдер», «Ұлттық дәстүрлер», «Ұлттық әндер караокесі», «Ұлттық ойындар» т.б станциялар болды. Оқушылар алдын-ала таратылған бағдар беттермен станцияларды аралап, меркеге қатысты.Сонымен қатар, барлық сынып бөлмелерінде, наурыз көже, бауырсақ, жент, құрт сияқты тағамдармен толған дастархандар жайылды.

Мерекені қорытындылау мақсатында, сыныптардың Наурыз мерекесіне
ән-күйлері мен билері тамашаланды.
Мектеп мұғалімдері, оқушылар және ата-аналар «Қара жорға» биімен мерекені аяқтады.