Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

 «М. Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» КММ-дегі Наурыз мерекесі

Ұлы Наурыз мерекесіне орай М. Шаяхметов атындағы №23 орта мектебінде ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар қауымдастығының қатысуымен үлкен тәрбиелік мәні бар қызықты және әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды және өткізілді. «Наурыз – мейірімділік пен бейбітшіліктің мейрамы» тақырыбындағы сынып сағаттары өтті. Педагогтар, оқушылар мен ата-аналарға арналған «Әз-Наурыз!» атты үлкен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының халықтар достығы фестивалі түрінде өткізілген «Қош келдің, Наурыз!» мерекесінде тағамдар, ұлттық костюмдер және шығармашылық нөмірлер ұсынылды. Барлық қонақтарға наурыз-көже, палау, бауырсақ және басқа да ұлттық тағамдар ұсынылды. Наурыз - көктемгі жаңару, табиғат пен адам бірлігінің мерекесі. Бұл Ұлы мереке  мектепте көңілді әрі қызықты болып өтті.