Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

"Наурыз мейрамы" мерекелік бағдарламасы

2019 жылдың 19 наурызында  "№4 орта мектебі" КММ ұжымы "Солнышко" шағын орталығы балаларына арналған "Наурыз мейрамы" мерекелік бағдарламасын  ұйымдастырды. Шара барысында "Шаңырақ", "Қыз қуу", "Тақия", "Теңге жинау", "Бәйтерек" ойындарымен және де "Батыр биі", "Арулар биі", "Қара жора", әндер мен өлеңдердің ұлттық нақыштарымен танысты. Мереке кезінде балабақшада мейірімділік, көңілді және қуаныш атмосферасы орнады. Балалар ұйымдастырылған ісшараларға қызығушылықпен қатысты, қазақтың салт-дәстүрлерімен танысты, ойындар ойнады. Мерекеге балалардан басқа ата-аналар да шақырылды, олар мерекені ұйымдастыруға ғана емес, сонымен қатар іс-шараның өзінде де белсенді қатысты. Балаларға шағын орталық тәрбиешілерінің қатысуымен "Алдар Көсе и бай" атты театрландырылған қойылым көрсетілді. Қойылым арқылы балаларға қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері көрсетілді. Мереке барысында  "Шашу" шашылды, "Бауырсақтар", "Наурыз көже" таратылды.