Әз-Наурыз мерекесін тойлады
Шәкәрім атындағы № 1 мектебінде әз-Наурыз мерекесін тойлады.
Қолына қоңыр домбырасын алып арнау айтқан Аян Қалымбек мерекенің шымылдығын ашты. Ұлы той тәжірибеден өтіп жүрген студенттердің мерекелік ән-шашуына ұласты. Салт-дәстүрден көрініс те көрсетілді.
Қыз-жігіт айтысы, ұлттық киімдердің шеруі мерекенің көркін ашты. Тойдың құрметті ақсақалы ақ батасын беріп, өзгелері жылы лебіздерін жеткізді.







