Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Домбыра party» жастар акциясы

2019 жылдың 21 наурызында Өскемен қаласында Наурыз мейрамын тойлауға арналған «Домбыра party» жастар акциясы өтті.
Мерекелік іс-шараның мақсаты - қазақ халқының ең көне аспаптарының бірі - домбыраның ұлттық музыкасын, әуенін және мәдениетін насихаттау, сондай-ақ өнер арқылы жастарды патриоттық тәрбиелеу болды. Акцияға қатысушылар домбырада әртүрлі әуендер жасады, күйлер мен арнаулар ойнады.
Бұл шараға қызығушылық танытқан қаланың оқушылары қатысып, жақсы эмоциялар мен жарқын әсер қалдырды.

- Маған іс - шараның өзі өте ұнады, мен үшін бұл тақырып өте жақ ын, өйткені мен Қазақ ұлттық аспаптарын зерделеумен айналысамын және келесі жылы осындай іс-шара өтетін болса, онда міндетті түрде қатысамын, - деп атап өтті Инара Бектұрғанова, № 20 орта мектептің оқушысы, оқушылар шығармашылығы сарайының "Жас Ұлан" РҚБ қалалық комитетінің қатысушысы.