Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Наурыз – жаңарудың мерекесі

2019 жылы 22 наурызда Өскемен қаласының білім беру ұйымдары қаланың орталық алаңында "Наурыз мейрамы" шығармашылық кешін өткізді. Бағдарламаға балалар шығармашылық ұжымдарының музыкалық нөмірлері, қызықты  халық ойындары, әсерлі би жарыстары, сондай-ақ асфальтта балалар суреттерінің конкурсы өтті. Іс-шараның барлық қатысушылары өздерінің жағымды әсерлерімен бөлісіп, әр адам естелік сыйлықтар мен жүздеріндегі күлкімен қайтты.