Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Оқушыларды сыртқы бақылауға дайындау жүйесі

2019 жылы 26 наурызда Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінде 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау, ОЖСБ және ҰБТ-ға дайындау бойынша семинар өтті. Семинарға Өскемен қаласының барлық мектептерінің мұғалімдері қатысты. Мақсаты: оқушыларды сыртқы бақылауға дайындау жүйесін оңтайландыру. Қалалық шығармашылық зертхананың жетекшісі Э. Ш. Чуембаева іс-тәжірибесімен бөлісті. Шығармашыл, талантты, креативті, еңбекқор математиктер келесі міндеттерді орындады: оқушыларды оқыту және дайындау сапасына SWOT талдау жасады; қорытынды емтихандарды тапсыруға жаңа талаптар қарастырылды; оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындау бойынша мұғалімнің жеке жұмыс алгоритмін жасады, №46, 44, 18, 32, 12 мектептер тәжірибелерімен бөлісті; педагогтың кәсіби стандартының басты тезистерін анықтады; оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындау кезінде мәселелрді шешу жолдарын анықтады.

Тәжірибелік семинар қызықты, жемісті болды. Қатысушылар дәлелді әрі өнімді, нәтижелі жұмысқа риза болды.