Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің «М.Әуезов атындағы №17 орта мектебі»КММ-де Наурыз мейрамына арнап өткізілген іс шаралар

2019 жылдың 20 наурыз күні Өскемен қаласы әкімдігінің «М.Әуезов атындағы №17 орта мектебі» КММ-де Наурыз мейрамын тойлауға арналған мерекелік іс шаралар өткізілді.  Мерекелік іс шаралар бағдарламасында: «Үздік бауырсақ» мектеп байқауы, Наурызға арналған мектеп кабинеттерін үздік рәсімдеу, қосымша материалдардан жасалған ұлттық стилдегі костюмдер дефилесі және шығармашылық байқауы, қабырға газеттерінің байқауы.  Мереке қарсаңында «Өлекетану бойынша және Наурызға арналған үздік сабақ және сыныптан тыс іс-шара» мектеп байқауы өткізілді.  Екі мерекелік концерт өткізілді: бастауыш сыныптарға және 5-11 сыныптарға, онда оқушылардың үздік шығармашылық көріністері, туғаннан бастап үйлену тойына дейінгі қазақ халқының салт-дәстүрі көрсетілді, көрермендер мен қатысушыларды «шәшу» ырымы кезінде бауырсақ және тәттімен  дәмдендірді. Сонымен қатар «Екі жұлдыз» мектеп байқауы өткізілді, ол мерекеге 8 дуэт «мұғалім+оқушы» және «ата-ана+оқушы» құрамында қатысты. «Екі жұлдыз» байқауының қатысушыларының өнер көрсетулері жарқын және өте қызықты болып,  көрермендер тарапынан  үлкен  қызығушылық көрсетті. Наурыз мейрамына арналған мектеп байқаулараның жеңімпаздарын марапаттау жүргізілді.