Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Наурыз мейрамын мерекелеу аясындағы іс-шаралар өткізілді

Наурыз-жаңа жыл мерекесі. 20 наурыз күні № 24 орта мектебінде "Қош келдің, Ұлыстың Ұлы күні!" атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті, оған мектептің оқушылары мен ата-аналары ғана емес, ЖМК шағын ауданының жақын үйлерінің тұрғындары да шақырылды. Қонақтар қазақ ұлттық ойындары мен спорттық сайыстарға қатысты. Сонымен қатар 1-4 сынып оқушылары қолдан жасаған кәдесыйлар жәрмеңкесі өтті. 

Мектеп ұжымын біріктіру мақсатында 2-8 сыныптар арасында "Ұлыс күні-ұлы шашу" ұжымдық - шығармашылық іс-шара ұйымдастырылды.  Әр топ бай дастархан үшін құрметті қонақтарды шақыра отырып, рекреацияны әсем безендірді. Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсетіп,  жарқын және көңілді концерт дайындады. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар мереке атмосферасына толығымен бөленді.