Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Skills for geeks» атты облыстық чемпионатына қатысуы туралы

28 наурызда Өскемен құрама командасы  «Skills for geeks» атты облыстық чемпионатына қатысты. Оқушылар чемпионат  3D модельдеу, бағдарламалау, роботты техника саласы бойынша бақ сынасты. Чемпионат «Nur Otan» партиясының «Балаларға арналған тегін ІТ-сыныптар» жобасы аясында және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Ең үздік ІТ-шешімдерді ұсынған, қалалық кезеңнен өткен 12 оқушы облыстық чемпионатқа жолдама алған. Жарысқа қатысушылар жас ерекшелігіне байланысты  «10+» және «14+» деп екі топқа бөлінді. Чемпионат барысында балалар  «PTC Creo Parametric 3.0», «Blender» сынды қиын бағдарламалардың шешімін тауып, «Сумо» және «Кегельринг» бойынша өзара жарысты. Чемпионаттың қорытындысы бойынша «Бағдарламалау» аталымы бойынша «+10» жас аралығындағы командалар арасында Өскемен құрамасы жеңіске жетті.  Бұл салада Өскемен қаласының № 10 мектеп –лицейінің оқушылары Фатеев Лев және Бердюгина Анна қатысты. Ал жалпыкомандалық есепте +10 жас аралығындағы командалар арасында  облыстық мамандандырылған мектептің құрамасы және Өскемен қаласының құрама командасы бірінші орынды жеңіп алды. Өскемен қаласының  командасына роботты техника саласы бойынша №46 орта мектебінен Кикбаев Айбар мен Дурихан Ерасыл, 3D - модельдеу бойынша  № 33 орта мектебінің оқушылары Нұржанұлы Қайнар, Ерболұлы Ерназ кірді