Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Өскемен қаласы оқушыларының Республикалық олимпиадаға қатысуы

ШҚО командасының атынан 44 оқушы 2019 жылғы 15-20 наурыз аралығында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша Республикалық олимпиадаға қатысты. Химия пәні бойынша құрама командаға  Өскемен қаласы №7 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Сергей Юнкман қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Сергей 3 орын және қола медаль жеңіп алды. 2019 жылдың 25-30 наурыз аралығында ШҚО командасы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша Республикалық олимпиадаға қатысты. Команда құрамына Өскемен қаласының 6 оқушысы кірді. Олимпиада қорытындысы бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Өскемен қаласының №12 жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Хонкулов Алишер жеңімпаз атанды. Өскемен қаласы №12 жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Джанбосинова Виктория неміс тілін білгені үшін ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен марапатталды.