Ғылыми-жаратылыстану бағыты бойынша қорытынды аттестаттау мен ұлттық біріңғай тестілуге даярлау
26.03.2019 жылы Өскемен қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен қала мектептерінің арасында география, химия, биология пәнінен беретін мұғалімдер арасында «11-сынып оқушыларын мемлекеттік қорытынды аттестаттау мен ұлттық біріңғай тестілуге даярлау» тақырыбында семинар болып өтті.
Семинар барысында Өскемен қаласы әкімдігінің «№30 орта мектебінің» КММ-нің география пәні мұғалімі Раевская Л.Л., Өскемен қаласы әкімдігінің «№1 орта мектебінің» КММ-нің география пәні мұғалімі Ибраева К.С., Өскемен қаласы әкімдігінің «№6 орта мектебінің» КММ-нің биология пәні мұғалімі Жумагулова А.Б., Өскемен қаласы әкімдігінің «№43 мектеп-лийеці» КММ-нің химия пәні мұғалімі Жетписова Р.А өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісіп, шебер-сынып өткізді.
Семинар барысының 1-ші бөлімінде ғылыми-жаратылыстану бағыты бойынша қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Кенжебаева А.Т. семинар барысымен таныстырып, мақсаттарын айқындады.
Семинардың 2-ші бөлімінде мұғалімдер өзінің шеберлік-сыныбын көрсетіп, оқушыларды қорытынды аттестацияға дайындауда әдіс- тәсілдер мен ақпараттық технологияның тиімді тұстарымен бөлісе отырып, өзінің тәжірибесімен бөлісті.
Семинар теориялық білім практикамен ұштасып, жоғары деңгейде өтті.