«Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру үдерісінде формативті бағалаудың ерекшелігі» атты семинар- практикум
14 наурыз 2019 жылы қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «№37 көпбейінді орта мектебі» КММ «Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру үдерісінде формативті бағалаудың ерекшелігі» атты семинар- практикум өтті. Кіріспе бөлімінде қалалық әдістемелік кабинеттің ғылыми- жаратылыстану бағыты бойынша әдіскер Кенжебаева А.Т. қалыптастырушы бағалаудың тиімді түрлерін пайдаланудың маңызы туралы мәселені өзектендірді.
Семинар барысында химия пәнінің мұғалімдері Толежанова О.В.,Михнева Н.А. «Химия сабағында формативті бағалаудың тиімді әдіс- тәсілдері», биология пәнінің мұғалімдері Назарова Е.Н., Кожевникова Е.П. « Биология сабағында формативті бағалаудың стратегиялары» атты шебер- сыныптарын ұсынып, топтық тапсырмалар арқылы мұғалімдердің жұмысын жандандырып, қызығушылықтарын арттыра білді.
Семинар соңында қала мектептерінің мұғалімдері алғыстарын білдіріп, практиклық тұрғыдан өз қоржындарын толтырып алып қайтатындарын айтты.