Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Менің бастауым – менің ауылыма - 2019» атты балалар әлеуметтік бастамаларының қалалық байқауы

Мәдениет жобасын  дамыту  арқылы  білім алушылардың  шығармашылық әлеуетін және  әлеуметтік белсенділігін  қолдау мақсатында 2019 жылы 3 сәуірде Оқушылар шығармашылық сарайында «Менің бастауым – менің ауылыма - 2019» атты балалар әлеуметтік бастамаларының  қалалық байқауы өтті.

Байқауға  оқушылардың  екі бағыт бойынша: «Әлеуметтік - мәдени»  мен  «Экологиялық және технологиялық»  зерттеу жұмыстары ұсынылды.

Оқушыларға  өз   тырысуларының   жемісін  көру   сүйсінерлік жағдай. Олар  өз  маңыздылықтарын  көреді және  сезінеді.  Бұл  оқушыларға тәртіптілікке,  жаңа ізденіске ынталандыру  деңгейін арттыруға ұмтылу  мүмкіндігін береді. Оқушылар әлеуметтік   сұрақ-жауап ( сауалнама)  түрінде  зерттеу жүргізген , осы жобалаудың   қажеттілігі мен   өзектілігінің  болуы    қорытындысын анықтау мақсатында өсімдіктерге тәжірибелер жасады.

Қатысушылардың жұмысын әділ қазылар алқасы бағалады құрамына кірді: Фартусова Татьяна Николаевна – Өскемен «Жігер» балалар-жасөпірімдер клубтарының  бірлестігі» оқу-тәрбие жұмысы бойынша  директордың орынбасары, Тамбовцева Раиса Анатольевна - «Жас техниктер станциясы»   КМҚК оқу-тәрбие жұмысы бойынша  директордың орынбасары, Темиргалиева Гаухар Нуржановна –   Өскемен қ. «Экобиологиялық оқу-зерттеу орталығы» КМҚК тәжірибелік-эксперементтік жұмысы бойынша директордың орынбасары, Сембаева Регина  Рахматовна - «Оқушылар шығармашылық сарайы»  КМҚК  әдістемелік бөлімнің меңгерушісі, Кельметр Олеся  Петровна -   психолог - «Оқушылар шығармашылық сарайы»  КМҚК   әлеуметтік - психологиялық қызметі.

Қазылар алқасының шешімі бойынша  қорытындысы:

Әлеуметтік мәдени бағыты бойынша 1 орынды Николенко Арина      (№ 11 мектеп –лицейі КММ) , 2 орынды Крючкова Валерия, Цуцаева Венера («№ 17 орта мектебі» КММ), Юска Ксения («№ 18 орта мектебі» КММ) алды, 3 орынды Хижняк Валерия (№37 КОМ), Болатов Медеу (Өскемен қаласының РҚБ «Жас Ұлан» БЖҰ комитеті), Калиакпарова Нұрым («№ 1 ОМ») КММ.

Экологиялық және технологиялық бағыты бойынша  1 орынды Михайленко Софья («№9 ОМ» КММ), 2  орын Жақсылықов Мәди («№6 ОМ» КММ) алды, 3  орын   Ризабекова Ұлпан, Нариманова Сымбат («№23 ОМ» КММ), Ларионова Людмила («№23 ОМ» КММ) алды.

Жеңімпаздар мен қатысушылар  грамоталармен марапатталды.

Барлығы 14 жұмыс ұсынылды.