Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Дефектолог және психолог қызметіне арналған арнайы бөлме ашылу салтаннаты өтті

2019 жылы 19 сәуірде Өскемен қаласы әкімінің қатысуымен «Бақытты болашақ» жобасы шеңберінде ҚБ «Niet Women әйелдер бастамаларының қоғамы» және АҚ «Орика Қазақстан» қайырымдылық көмек қоғамдарымен бірлесе отырып Өскемен қалалық әкімдігінің «№ 37 көпбейінді орта мектебі» КММ дефектолог және психолог қызметіне арналған арнайы бөлме ашылу салтанаты өтті.

«№ 37 көпбейінді орта мектебі» КММ 10 жылдан астам уақыт арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқумен қамтамасыз етіп келеді. Мектепте 96 бала қамтылған 15 түзету сыныбы бар.

Жөндеу жұмыстарынан кейін қазіргі заманға сай жабдықталған дефектолог және психолог бөлмелері 200-ден астам арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім алуға мүмкіндік береді.