Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Сүйікті қалам, саған, арнаймын» атты байқау аясында өтілетін жаппай диқтанттың баспасөз-хабарламасы

Өтілетін күні: 13 мамыр 2019 жыл.

Өтілетін орны: қала мектептерінде.

Ұйымдастырушылар:«Өскемен қаласының білім беру бөлімі» ММ.

Қатысушылар:Өскемен қаласының жалпы білім беретін мекемелерінің 5-10 сынып оқушылары.

Жалпы диктант «Сүйікті қалам, саған, арнаймын» байқауы аясында өткізіледі. Әдебиет саласында неғұрлым қабілетті білім алушыларды анықтау және мадақтау, оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту, оқырмандық қабылдау және түсіну мәдениетін қалыптастыру, өскелең ұрпақты туған өлкенің әдеби мұрасына тартуға бағытталған білім беру акциясы

Диктант 2019 жылы 13 мамырда сағат 10.00-де қаланың барлық мектептерінде өткізіледі. Бұл іс-шара қаланың барлық білім беру ұйымдары оқушыларының 100% қатысуын қамтиды. Диктантқа арналған материалдар  Өскемен қаласы жазушыларының шығармаларынан тұратын қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіндер болады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мадақтамалармен және дипломдармен марапатталады.

Қосымша ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуға болады: Өскемен қаласы, Қ. Қайсенов көшесі, 10а, каб.№ 9, тел. 8 (7232) 52-60-42 (М.С.Жондыбаева, З.С. Скакова).