Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

ІТ-сыныптарда өткізілетін сыныптан тыс жұмыс түрлері

2019 жылдың 17 сәуірінде Өскемен қаласы әкімдігінің "Мұхамет Шаяхметов атындағы № 23 орта мектебі" КММ «Робототехника бойынша сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, оқушылардың оң мотивациясын қалыптастырудың шарты » атты семинар өтті.

Семинардың мақсаты: Оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамытуға бағытталған мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін ұсыну.

Семинарға қатысушылар – Цифрландыру бойынша директордың орынбасарлары, қала мектептерінің информатика пәнінің мұғалімдері.

Семинар аясында математика және информатика мұғалімдерінің орта және бастауыш сынып оқушылары үшін дайындаған «Робот. Робот? Робот!» сайыс-ойыны мен  «Робототехниканы жақсы көретіндерді клубқа қабылдау» атты саяхат-ойыны өтті. Іс-шара оң нәтижесін берді.