Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Мектепке көмек жаса» акциясы

«Мектепке көмек жаса» акциясы аясында №5 орта мектептің аумағында ағаштар отырғызылды. Ағаш отырғызу міндетіне жауапты  биология мұғалімі А.К. Тоқтарғожина болып тағайындалды. Осы күні 7а және 8б сынып оқушылары өте белсене кірісті. Сонымен қатар мектеп мұғалімдері де акциядан қалыс қалмады.

Әр ағаштың қауіпсіздігін, өмір сүруін және одан әрі өсуін қадағалайтын жауапты сыныптар  тағайындалды. Акция әрі қарай жалғасын табуда.