Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Назарбаев Зияткерлік мектебінде» ашық сабақ өткізу туралы

«№ 29 ҚБМО» КММ  «Жас құтқарушы орталығы» оқытушылары Өскемен қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» ашық сабақ өткізіді. Сабақ барысында Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сынып оқушылары «Жас құтқарушы» орталығының қызметімен, орталықтың спорт секциялары мен оқу топтарына қатысу ережелері және мүмкіндіктерімен, халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық жарыстардағы жетістіктерімен танысты. Педагогтардың жұмысы туралы әңгімелері қызықты бейне және фотоматериалдармен сүйемелденді. Балаларды жұмыс істеу бойынша құтқару құрал-жабдықтарымен өткізілген мастер-класстар қызықтырды. Оқушыларға құтқару тораптарын тоқу, өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін кию, сондай-ақ зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері көрсетілді. Балалар мамандардың іс-қимылдарын қызығушылықпен бақылап, одан кейін көрген білгендерін қайта көрсетуге тырысты.

Бұл сабақ балаларды қосымша білім беру ұйымдарындағы сабақтарға тарту шеңберінде әр түрлі қызмет салаларында білім мен іскерлікті дамыту, оның ішінде дене денсаулығын нығайту, психологиялық дайындықты және экстремалды жағдайда әрекет ету іс-әрекеттерін дамыту мақсатында өткізілді. Сабақтан кейін көптеген балалар орталықтың секциялары мен топтарына қатысуға ниет білдірді және бұл шешім болашақта мамандықты таңдауда қызығушылық тудырды.