Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Мектепке дейінгі мекеме педагог-психологының  түзете-дамыту жұмысының маңызы» (семинар-практикум)

Өскемен қаласының Мектепке дейінгі мекеме «Азамат» балабақша-бөбекжайында қалалық білім беру бөліміндегі әдістемелік психологиялық қызметтің жетекшілігімен мектепке дейінгі мекеменің педагог-психологтарына арналған «Мектепке дейінгі мекеме педагог-психологтың түзете-дамыту жұмысының маңызы» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинарды МдМ «Азамат» балабақша-бөбекжайының педагог-психологы Шангишбаева Г.С. өткізді.

Семинардың мақсаты: қатер тобындағы балалармен түзете-дамыту жұмысында қолданылатын негізгі әдіс-тәсілдермен танысу.

Семинар барысында ортаңғы топ балаларымен ашық ұйымдастырылған оқу қызметі көрсетілді. Және қатысушыларға психолог жұмысының маңыздылығы туралы мәлімет беріліп, практикалық жұмыстар орындалды. Семинар барысында психолог жұмысының маңызы ашылды деген ойдамыз және алынған ақпарат алдағы уақытта қатысушыларға, әсіресе жас мамандарға, пайдасын тигізеріне сенімдіміз.