Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Өскемен қаласының білім беру бөлімі Indigo24.kz порталындағы кезектілікті тазалау туралы хабардар етеді

Өскемен қаласының білім беру бөлімі 2019 жылдың 14 қазанынан бастап, Indigo электронды порталында кезектілікті тазарту процесінің жүргізілетінін хабарлайды, бұл процесс 1 айға созылады. 

Кезекке қойылған кез-келген өтініштің шектеулі уақыты бар. Егер өтініш беруші үшін балабақшаға орын күту мәселесі өзекті болса, оған өтініштің қолданыс мерзімін ұзарту қажет. Әдетте бұл күз мезгілінде болады. Өтініштің қолданыс мерзімі бір жылға ұзартылады.  

Аталған процедура мүдделілікті растау немесе өзекті емес өтініштерден тазарту деп аталады.

Бұл не үшін қажет?

Бір жыл ішінде қалаларға байланысты 20%-дан 40%-ға дейін өзекті емес өтініштер жиналып қалады. Бұл әр түрлі себептерден болады: балалар көшіп кетеді, үйде оқытуға ауысады, жасы өсіп кетеді және басқа көптеген өмірлік себептер болады. Және бұл жағдайда ешкім өз өтінішін кезектен алмайды. Ата-аналар бұл жайлы ұмытып кетеді, ал кезектілік базасы өсе береді. 

Салдарынан мұндай өтініштер кезектілікті көбейтеді, алғашқы орында тұруы мүмкін, басымдық берілетін қатарға түсуі мүмкін, жалпы алғанда орындарды бөлу жылдамдығын тежейді. 

Тазарту процесінің басталғанын қалай білуге болады?

Тазарту процесі іске қосылғаннан кейін портал әзірлеушілері @indigo_webline парағында пайдаланушыларды хабарлама арқылы міндетті түрде хабардар етуі тиіс.  

Сонымен қатар, жүйе де пайдаланушыларды хабардар етеді, бас параққа ақпараттық баннер шығарады және хабарландыруды жеке кабинетте көрсетеді.

1 ай тазарту мерзімі ата-аналарға уақыт тауып, жеке кабинетіне кіріп, Сіздің атыңыздағы өтінішті ұзарту үшін беріледі.

Өтініш беруші өз өтінішінің қолданыс мерзімін қандай да бір себептермен дер кезінде ұзартып үлгермеген жағдайда, олар тоқтатым-параққа орналастырылатын болады. Алайда өтініш беруші мұндай өтініштерді тиісті команданың көмегімен кез-келген уақытта жеке кабинет арқылы тоқтатым-парақтан шығара алады.

Назар аударыңыз. Бұл кезектілікті тазартуға байланысты тоқтатым-параққа енгізілген өтініштерге ҒАНА қатысты. Егер өтініш тоқтатым-параққа жолдаманың қолданыс мерзімінің өтіп кетуіне байланысты орналастырылса, ол тоқтатым-парақтан стандартты сызба бойынша 10 жұмыс күнінен соң автоматты түрде қайта қалпына келтіріледі.

Балабақшаға кезекке тұру өтінішінің өзекті екенін растау және оның қолданыс мерзімін бір жылға ұзарту процесі жеке кабиентте жүзеге асырылады.

Мұны қалай істеу керек?

Бұл үшін өтініш беруші жеке кабинеттегі «Сауалнама» мәзірін таңдап алуы тиіс, қойылған сұрақтарға жауап беріп, «Өтінішті ұзарту» нүктесін басады. Сауалнама осы өтініш берушінің жеке кабинетінде тіркелген өтініштің қолданыс мерзімін автоматты түрде ұзартады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: өз жеке кабинетіңіздегі сауалнаманы сіз процесс басталғанда ғана көре аласыз, одан бұрын емес. Тіпті сіздің өтінішіңізде өтініштің қолданыс мерзімі көрсетіліп тұрған болса да, алдын ала абыржымаңыз.

Сауалнама не үшін керек?

Сауалнамада білім беру бөлімінің мектепке дейінгі білім беру процесін оңтайландыруына көмектесетін сұрақтар бар.

Бұл дегеніміз, Сіздің пікіріңіз жағдай мен жүктеме мән-жайының шынайы бейнесін көрсете алады деген сөз.

Мысалы, сауалнамада «балаңызды бергіңіз келген балабақшалар тізімдемесі» деген тармақ бар, бұл тармақ ата-аналардың күткені мен қалауын көрсетеді. Ол білім беру бөліміне және сіздің өзіңізге, балабақшаларға қатысты жүктемелерді көруге, сондай-ақ қала картасында шектен асқан аумақтарды талдауға және шешім қабылдауға көмектеседі.

АТА-АНАЛАР ҮШІН МАҢЫЗДЫ:

Абыржымаңыз.

Кезектілікті тазарту процесі басталғанда, ешкім сіздің келісіміңізсіз сіздің кезегіңізді ешқайда жібермейді. Жүйеде өтінішті ұзарту үшін барлық құралды ұсынады. Жүйеде еш нәрсе ата-ананың келісімінсіз жасалмайды.

Туындаған сұрақтар бойынша кеңес алу үшін өтініш беруші 70-00-24 телефонына хабарласа алады немесе Қ. Қайсенов к., 10А, №1 кабинетке келе алады.