Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» КММ Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шараның өтуі туралы ақпарат 2019-2020 оқу жылы

2019 жылы 11 қазанда Өскемен қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебінде» Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай әлемі» атты жоғары сынып оқушылары мен Cәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының доценті, филология ғылымының кандидаты Бияров Бердібек Нұралдаұлы және облыстық «Алдаспан» газетінің тілшісі Қызырбек Дүргінбайұлы арасында кездесу өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – дана Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу.

Кездесу «әдеби студия» түрінде ұйымдастырылды. Іс-шараны ұйымдастырушы және жүргізуші қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі И.К.Жанузакова қонақтарды таныстырды. Студия қонақтары өздерінің жұмысы туралы айтты.  

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абайдың өлеңдерін оқу эстафетасын Ләйлім-Шырақтан қабылдап алғаны және өлеңін жатқа оқығаны туралы бейнеролик көрсетілді. Мектебіміздің 11-сынып оқушысы Әлімбекова Камила өзінің осы эстафетаға қатысқаны туралы айтып өтті.

Оқушылар Абайдың шығармашылығы туралы блиц-сұрақтарға жауап беріп, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқыды. Қонақтарға М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан театрланған қойылым көрсетілді. 9-сынып оқушылары «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайына барғаны туралы айтып, презентация көрсетті. Жоғары снып оқушылары студия қонақтарына ұлы ақынның шығармашылығы туралы сұрақтар қойды.

Кездесу жоғары деңгейде өтті. Соңында келген қонақтар мен қатысушылар алған әсерлерімен бөлісті.