Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Өскемен қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік орта білім беру мекемелері басшыларының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау ережесін бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 308 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау ережесін бекіту туралы» бұйрығына өзгертулер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес өткізіледі.

«Өскемен қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік орта білім беру мекемелері басшыларының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

1.     Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 6 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, ШҚО, Өскемен қаласы, Прибрежная көшесі, 85/1 мекенжайы бойынша орналасқан;

2.     Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, ШҚО, Өскемен қаласы, Увалиев көшесі, 6 мекенжайы бойынша орналасқан;

3.     Өскемен қаласы әкімдігінің «Ново-Троицк негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, ШҚО, Ново-Троицк ауылы, Школьный бұрышы, 4 мекенжайы бойынша орналасқан;

Негізгі қызметі:

Жалпы білім беретін мектеп - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымындағы өтілі 1 жылдан кем емес;

Коммуналдық мемлекеттік мекеме директорының лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа ала отырып жүзеге асырады. Әдістемелік кеңестерде педагогтармен бірлесе отырып, жалпыға міндетті білім беру стандартын іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарлары мен оқу бағдарламаларын бекітеді. Бекітілген мөлтек аудан оқушыларын жалпыға білім беру заңына сәйкес жалпыға міндетті оқумен қамтамасыз етеді. Ғылыми-әдістемелік, материалдық техникалық базасын, мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жетілдіреді. Оқу-тәрбие үрдісін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманға сай ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.

Мұғалімдердің, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының ұйымдастыру қызметіне ықпал етеді. Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияға сәйкес оқушылар мен тәрбиеленушілер құрамын қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік құқықтық жағынан қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа) қорғайды, туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің белгіленген нормадан төмен емес ұсталуын қамтамасыз етеді. Оқу процесі уақытында білім алушылар мен білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігімен денсаулығына қажетті жағдайлар жасайды.

Оқушылардың денсаулығын қорғау және нығайту мақсатында ыстық тамақпен және медициналық көмек көрсету жұмысын ұйымдастырады және бақылайды. Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында білім беру ұйымының мүлкіне және қаржысына иелік етеді, құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражатының түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайын есеп береді.

Оқу-материалдық базаны нормативтік талаптарға сәйкес қамтыйды, сақтайды және толықтырады, ішкі еңбек тәртібінің, санитарлық-гигиеналық тәртіптің сақталуына, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасына жауап береді.

Педагогикалық кадрларды және қамту қызметкерлерін іріктеу және орналастыруды жүзеге асырады, басқару құрылымын, штаттық кестені және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді және кәсіби шеберліктерін арттыру бойынша жағдай жасауды жүзеге асырады. Педагогикалық кеңеске басшылық жасайды. Педагогикалық кадрлардың аттестацияға дайындалуына қатысады. Мұғалімдер мен білім беру саласындағы басқа да қызметкерлерді еңбектеріне қарай марапаттайды және өз құзіреті шегінде жаза қолданады.

Қоғам белсенділерімен және ата–аналар жұмысын үйлестіру бойынша (оларды алмастыратын тұлғалармен) байланыста болады. Мемлекеттік білім беру мекемесінде және басқа да мекемелерде, қажетті есептерді дайындайды және қамтамасыз етеді. Ақпараттық–коммуникациялық білікті, компьютерлік сауаттылықты меңгерген.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан  Республикасының «Білім туралы», Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», Қазақстан Республикасының «Балалар құқықтары туралы»,  Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медико-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы», «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың панасыздығы мен қараусыз қалмауын ескерту туралы» Заңдарын және білім беруді дамыту бағыттары мен перспективасын белгілейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Лауазымдық жалақысы: еңбек өтіліне қарай 84769 теңгеден 99988 теңгеге дейін.

Конкурс өткізілетін күні мен орны: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, «Өскемен қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қ. Қайсенов көшесі, 10 «А» үй, 3-қабат, № 14 кабинет, телефон:   26-88-83.

Конкурсқа қатысуға өтініш беру және қабылдау мерзімі:

«Өскемен қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос лауазымға орналасуға құжаттар қабылдауды хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізеді.

Мекенжайы: Өскемен қаласы, индекс: 070004, Қ. Қайсенов көшесі, 10 «А» үй, 3-қабат, № 14 кабинет, телефон: 26-88-83.

Конкурсқа қатысу үшін талап етіледі:

1) жоғары (немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім;

2) еңбек өтілі бес жылдан кем болмауы, соның ішінде басқару қызметі лауазымында 1 жылдан кем емес, шағын жинақталған мектептер үшін              3 жылдан кем болмауы, басқару қызметі лауазымында еңбек өтілі талап етілмейді.

3) бірінші немесе жоғарғы, және (немесе) «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» санатының болуы (мемлекеттік қызметшілер, жоғарғы оқу орны және әдістемелік қызмет қызметкерлерінен басқа);

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттарының үлгісін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген үлгі бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6697 тіркелген).

5) сотталмағаны туралы анықтама.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: қағаз түрінде.

Конкурсқа қатысу үшін басшы лауазымына кандидат комиссиямен белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсету үшін төмендегідей құжаттар тізбесін тапсыру қажет:

қызмет көрсетушіге:

немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы:

1) мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 1 қосымшасына сәйкес өтініш;

2) жеке бас құжатының көшірмесі;

3) білімі туралы құжатының көшірмесі;

4) еңбек кітапшасының көшірмесі;

5) кадр бөлімінің тіркеу бойынша жеке парақшасы және фото;

6) жұмыс орнынан көтермелеулер мен тәртіптік жазаға тартылғандығы туралы ақпарат көрсетілген өндірістік мінездеме;

7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі (бар болған жағдайда) туралы құжаттың көшірмесі;

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттарының үлгісін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген үлгі бойынша медициналық куәландырудан өткендігі туралы құжат.

9) тестілеуден өткендігі туралы анықтама;

10) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 24 наурыздағы № 31 «Жеке тұлғаларға құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету бойынша нұсқаулығын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген үлгіге сәйкес сотталмағаны туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14978 тіркелген);

11) Мектепті дамытудың перспективтивалық жоспары.

 

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмесі жұмыс орнындағы кадр қызметімен немесе білім беру ұйымындағы жауапты қызметкермен бекітіледі және мөрімен расталады.

 

Ереженің 12-тармағымен қарастырылған құжаттар пакеті толық тапсырылмаған жағдайда кандидаттың конкурсқа қатысуға құжаттары қабылданбайды.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, педагогикалық тәжірибесін тарату және марапаттары туралы материалдарды Өскемен қаласының білім беру бөліміне тапсыруға құқылы.

Қажетті ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, «Өскемен қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қасым Қайсенов көшесі, 10 «А», 3-қабат, № 14 кабинет, телефон: 26-88-83, Goruo3@edu.oskemen.kz.