Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

"Шығыс-адалдық алаңы" жобасына қала мектептерінің қатысуы туралы Ақпарат

ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) іс-қимыл Департаменті Агенттігінің басшылығымен іске асқан "Шығыс-адалдық алаңы" облыстық жобасы аясында қаланың барлық 47 мектебінде Парасаттылық мектептері жұмыс істейді.

Жалпы саны 1595 оқушыны қамтитын "Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубтары құрылып, жұмыс істеуде, сонымен қатар 62 "Парасатты азамат" бұрышы құрылды, 399 іс-шара өткізілді.
"Сыбайлас жемқорлықсыз мектеп" акциясы аясында "Біз жемқорлыққа қарсымыз" атты шығармашылық кештер, суреттер, плакаттар, логотиптер конкурстары ұйымдастырылады. Парасаттылық мектебі аясында ақпараттық-насихаттау топтары ҚР Президентінің Жолдауларының негізгі ережелерін, құқықтық ағарту, рухани-адамгершілік мәдениет мәселелерін, "Заң", "Әділдік", "Адалдық", "Парасаттылық" сияқты іргелі ұғымдардың төңірегінде құрылған түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
"Адал Ұрпақ" Клубы мектептер арасыныда парасаттылық пен адалдық мәдениетін қалыптастыру бойынша түрлі іс-шараларға, мысалы: "Қазақстан-құқықтық мемлекет" айлығына; "Қоғамдық тәртіп негіздері" пікірталас практикумына; "Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі" суреттер конкурсына; "Мемлекеттік қызметті пайдалану" іскерлік ойынына; "Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар картасы" жобалар конкурсына, "Жемқорлықтың сыйы", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес!", "Сот ойыны","Мемлектік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек" театрлық қойылымдарына белсене қатысады.
Оқушылар шығармашылық сарайының "Рухани жаңғыру" тәрбие-білім беру орталығы негізінде жоғары сынып оқушыларының қалалық пікірталас клубы жұмыс істейді.