Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Ағылшын тілі пәнінің жас мұғалімдеріне арналған оқыту семинары

2019 жылдың 16 қарашасында "№10 мектеп-гимназия" КММ базасында "Ағылшын тілі сабақтарында оқытудың белсенді әдістерін қолдану" тақырыбында ағылшын тілі пәнінің жас мұғалімдеріне арналған оқыту семинары өткізілді. Семинар білім бөлімі мен ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығымен бірлесе ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты: жас педагогтарды ағылшын тілі сабағында оқытудың белсенді әдістерімен, оқушылардың білім сапасын арттыру құралы ретінде таныстыру.
Семинарға қатысушылар "USTAZ" ЖШС оқытушылары Н. Абылкасова, Р. Қабдуалиев, ағылшын тілі мұғалімдері Д. Мухаметкалиева (№47 ЖМ) және И. Головченконың ("Бриг"ЖБМ) шеберлік сыныптарына қатысты. Семинардың рефлексиясын "№10 мектеп-гимназия" КММ ағылшын тілі мұғалімі, ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығының президенті С. Подхомутникова жүргізді.