Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Тәуелсіздік күнін атап өту қарсаңында...

Тәуелсіздік күнін атап өту қарсаңында  №6 «Күншуақ» балабақша-бөбекжайында ашық есіктер күні, тақырыптық сабақтар өткізілді, ал 2019 жылдың 10-12 желтоқсан аралығында ертеңгіліктер өтті, балалар ертеңгілікте Қазақстан Республикасының әнұранын, тақпақтарын, әндерін, билерін орындады.

Адамгершілік-патриоттық тәрбие-мектепке дейінгі балалармен жұмыстың негізгі бағыттарының бірі. Туған өлкеге, туған мәдениетке, туған тілге деген махаббат, өз отбасына, өзінің балабақшасына деген сүйіспеншіліктен басталады, біртіндеп кеңейе отырып, бұл махаббат өзінің туған еліне, оның тарихына, өткеніне және шын мәнісіне, бүкіл адамзатқа деген сүйіспеншілікке ауысады. Сондықтан, педагогтар мен ата-аналардың міндеті-балаларға туған жерге деген сүйіспеншілікті, өз елінің, өз өлкесінің тарихына деген қызығушылығын дамыту.

Кез-келген жаста Қазақстанның қандай жолмен өткендігін, қандай қиындықтарды еңсергенін  және қандай шыңдарға жеткенін ұмытпаған жөн. Ең бастысы, елдің болашағы әрқайсымызға байланысты екенін әрқашан білу, өйткені біз оның халқымыз.