2019-2020 оқу жылындағы Өскемен қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» КММ-де ҚР Тәуелсіздік күніне орай іс-шараларды өткізу бойынша ақпарат
ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Өскемен қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» КММ-де 2019 жылдың 9 желтоқсаны мен 13 желтоқсаны аралығында келесі іс-шаралар өткізілді:
1) «Қазақстан Республикасы халықтарының достастығы фестивалі" ұжымдық шығармашылық іс-жоспары, 1-11 сыныптар арасында өтікізілді, 1411 оқушы қамтылды;
2) 2 және 5 сынып оқушыларын Жас Ұлан және Жас Қыран қатарына қабылдау, 72 оқушы қамтылды;
3) «30-шы Гвардиялық дивизиясы атындағы» мектеп мұражайының қайта жаңартудан кейін ашылуы, 13.12.2019 ж.;
4) ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты концерт.
Мектеп мұражайының ашылуына және салтанатты концертке әкімшілік мәселелер бойынша «Қазцинк» ЖШС атқарушы директоры Лазарев Андрей Павлович, қалалық мәслихаттың депутаты Умарбеков Нурлан Кажмуратович, қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Кузнецов Александр Александрович, №2 қалалық кітапхананың меңгерушісі Жүнуспекова Сауле Жакуповна, Шығыс Қазақстан өнер мұражайының өкілі Мартынова Лариса Ивановна, №8 ЖӨӨБК өкілдері және №31 ОМ, №15 ОМ педагогикалық еңбек ардагерлері шақырылды.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Іс-шараға оқушылар, ата-аналар және педагогтар белсенді қатысты. Іс-шаралар мектеп сайтында жарияланды.