Педагогтарды аттестаттау мәселелері бойынша
2020 жылдың 6 ақпанында қала мектептері директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына педагогтарды аттестаттау мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді. Семинарға қатысушылар алдында білім бөлімінің ӘМК басшысының м. а. А. З. Нурпеисова сөз сөйледі. Өз сөзінде мерзімінен бұрын аттестаттау кезінде біліктілік санаттарына қойылатын талаптарға назар аударды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының директорлары мен директорларының орынбасарларын аттестаттаудан өткізу рәсімі туралы айтты.
"Ustudy" директоры Сапарбеков Е. К. педагогтардың онлайн НКТ туралы айтып берді. Семинарға қатысушыларға облыс және Өскемен қаласы бойынша алғашқы электрондық ҰҒТ қорытындысы ұсынылды. Онлайн-тестілеу туралы педагогтардың оң пікірлері бар бейнеролик көрсетілді.