Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарлама қызметін іске асыруда заманауи мектептің ОТҮ-не өлкетану компонентін енгізу

2020 жылғы 13 ақпанда М.Ауезов атындағы №17 орта мектебінде  «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарлама қызметін іске асыруда заманауи мектептің ОТҮ-не өлкетану компонентін енгізу»  атты аймақтық семинар-практикумы болып өтті.

ШҚО Білім басқармасының «Шығыс» ӨО тәрбие жұмысы жөніндегі кабинет меңгерушісі Балапанова Э.М., «Өскемен қаласының білім бөлімі» ММ басшысы Акерке Абылайхан, мектеп директоры Е.А.Саакян құттықтау сөз сөйледі. Директордың орынбасарлары мен мұғалімдер "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында тәрбие берудің тұжырымдамалық негіздерінің міндеттерін шешу аясында оқушылардың өлкетану білімі бойынша мектеп жұмысының жүйесін ұсынды.

№17 мектептің мұғалімдері мен оқушылары, сондай-ақ шығармашылық нөмірлерімен келген №№ 29, 30, 47 мектептерінің оқушылары өнерлерін көрсеткен ауған әндерінің Фестивалі іс-шараның қорытынды аккордына айналды.