Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

№ 9 «Арман» балабақша-бөбекжайында робототехника кабинеті ашылды

26.02.2020 жылы № 9 «Арман» балабақша-бөбекжайында робототехникасы кабинетінің салтанатты ашылу рәсімі өтілді. Іс-шарада мектепке дейінгі балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған заманауи робот техникасының мазмұнын ашатын қойылымдар көрсетілді. Әсіресе сахнаға роботтар мен андроидтың шығуы әсерлі болды. Бүлдіршіндердің, балабақша тәрбиешілерінен құралған «Сырғалым» би ансамблінің концерттік номерлері көрсетіліп, үш тілде тақпақтар айтылды.

Робот техникасы кабинетінде балалар ойын ойнап, ерекше қызығушылық туғызды. «Жаңартылған білім беру мазмұны балабақшадан басталады» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, рәсімге келушілерге таныстырылды. Тақырыптық сурет көрмесі ұйымдастырылды. Робототехника кабинеті замануи жабдықталған, талаптарға сай кабинет. Өткізілген іс-шараға ата-аналар белсене қатысты.