ЖҒЦ сабақтарында Блум таксономиясы әдстерін қолдану
№ 4 орта мектеп базасында "ЖҒЦ сабақтарында Блум таксономиясы әдістерін қолдану" тақырыбы бойынша қалалық семинар өткізілді. Семинар тақырыбы өте маңызды, әсіресе 9-сыныптарда ЖҒЦ пәндері бойынша қорытынды аттестаттаудың жаңа форматына көшу кезінде. Химия, биология және география пәндері жазбаша тапсырылады. Семинарда Блум таксономиясының әдістері және олардың оқу барысында оқушыларға қойылатын сұрақтарға нақты қолданылуы қарастырылды. Мектеп мұғалімдері химия, биология және география бойынша қорытынды аттестаттауға арналған тапсырманың бір нұсқасын әзірледі. Қатысушылар талқыланған мәселелердің өзектілігін атап өтіп, семинарды ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.