Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Өскемен қаласының мектептері қашықтан оқытуға көшті

2020 жылдың 6 сәуірінен бастап Өскемен қаласының барлық мектептері қашықтан оқытуға көшті.

Қашықтан оқыту интернет - платформалар, телесабақтар және флештасымалдағыштарда алдын ала дайындалған сабақ жоспары арқылы ұйымдастырылған.

Күнделік, Віlіmland, Дарын онлайн келесі білім беру платформалары қашықтан оқыту барысында қолданылады. Кері байланыс Watsapp, Telegram және электрондық пошта арқылы жүргізіледі. Әр мектеп өз бетімен сабақ кестесін құрастырды және ҚР БҒМ ұсынған білім беру Интернет-ресурстарын қолданылады. 

 ТВ-сабақтар 1-11 сыныптардың оқу пәндері бойынша республикалық теледидарда: қазақ тілінде білім алушыларға арналған сабақтар - "Балапан" телеарнасында, орыс тілінде білім алушыларға арналған сабақтар - "Ел - Арна" телеарнасында сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін өткізіледі.

Өскемен қаласының мектептерінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың барлық мәселелері бойынша Call-орталықтың бірыңғай нөміріне 8(7232)405714 хабарласуға болады. Ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін.