"STEM-зертхана" кабинетінің ашылуы
2020 жылдың 17 қыркүйегінде Өскемен қаласы әкімдігінің "М.Әуезов атындағы №17 орта мектебі" КММ 1 сынып кезекші топ оқушыларына арналған жаңа "STEM-зертхана" кабинетінің ашылу — тұсаукесер рәсімі өтті. Балаларды мектеп директоры Саакян Елена Алексеевна қошеметпен қарсы алды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдрахманова Гульмира Файзолдаевна STEM аббревиатурасының мағынасын түсіндіріп, кабинет жұмысының ерекшелігі туралы айтып берді.
Оқушылар салтанатты түрде символикалық лентаны қиды. Технология мұғалімі және STEM-зертханасының жетекшісі Кадыров Серік Ғадылбекұлы балаларды жаңа кабинеттің жабдықтарымен таныстырды, STEM-платформасының электронды тақтасы-экранының мүмкіндіктерін көрсетті, бөлшектерді дайындауға арналған жаңа электр станоктарын, макеттерді құрастыруға арналған жинақтарды және 3D-принтерді көрсетті.
7 сынып оқушылары Артеменко Андрей, Артеменко Максим және Нұртазаев Дамир роботтардың жиналған үлгілерін іс-әрекетте көрсетті. Бастауыш сынып балаларына, әсіресе, машиналар мен ұшқыштардың қозғалмалы үлгілері ерекше әсер етті. Іс-шара айрықша қызығушылық тудырып, қатысушыларға жарқын эмоционалды әсер қалдырды.
Іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізілді